$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Қазақстанда биыл қанша VIP-нөмір сатылды

AstanaTV
21.10.2024ж. 14:44
109
Қазақстанда биыл қанша VIP-нөмір сатылды

Қазақстанда VIP-нөмірлер құны қымбат болса да, оларға сұраныс азаймай тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, 2024 жылы қазақстандықтар сұранысқа ие 31 667 нөмірді рәсімдеген.

Айта кетейік, елімізде VIP нөмірлердің ең арзаны деп әріптік белгілері бірдей сандар танылған: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707. Олардың құны 57 АЕК (210 330 теңге).

Ең қымбат VIP-нөмірлер қатарына мынадай сандар жатады: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Олар 285 АЕК, яғни 1 051 650 теңге тұрады.

Ал Салық кодексі бойынша қарапайым нөмірлердің құны 2,8 АЕК-ке тең.