Алматыда жерасты цехында жасырын түрде көліктердің бірегей кодтарын өзгертіп, заңсыз құжат жасаған 17 адам қолға түсті. Полиция мен прокуратура осындай заңсыз схема арқылы жалған құжатпен жүрген 150 автокөлікті анықтаған. Салдарынан бюджетке 320 миллион теңге залал келді. Қылмыстық топ құрамында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері болған.