$481.68 €522.48 ₽5
×

«AMANAT» партиясының белсенділері Қазақстан бойынша 10 мың ту іледі

21.10.2024ж. 20:00
65
«AMANAT» партиясының белсенділері Қазақстан бойынша 10 мың ту іледі

Елордадағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртына ту ілінді. Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері «Менің Елім – Менің Туым» акциясын бастады. Осымен үшінші жыл қатарынан жалғасып жатқан шарада белсенділер Қазақстан бойынша 10 мың ту іледі. 

ІНЖУ БАЙШҮКЕНОВА, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ АУМАҚТЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл шара міне осымен 3 жыл қатарынан Республика күні қарсаңында ұлттық бірлік, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылып келеді. Бұл кешенді шаралардың барлығы атаулы датаны кеңінен насихаттауға, және де жастар мен халық арасында рухты көтеруге бағытталған.