$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

21.10.2024ж. 20:00
305
Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады. Президент министрдің сапары екі ел арасындағы көпжақты қарым-қатынастың нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді. Айта кетейік, Чехия Еуропа Одағындағы Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі. Бұдан бөлек, Президент екі елдің сауда және инвестициялық байланыстарын одан әрі дамытуға мол мүмкіндік бар екеніне назар аударып, еліміздің чех инвесторларына алдағы уақытта да қолдау білдіруге дайын екенін айтты. Сондай-ақ, Чехия Сыртқы істер министрі қарқынды экономикалық байланыстар қазақ-чех ынтымақтастығының негізі саналатынына назар аударды. Ян Липавский өнеркәсіп, «жасыл» даму талаптарына көшу және энергетика салаларын бірлескен жұмыстың басым бағыттары ретінде атап өтті. Кездесу соңында министр Чехия Президенті Петр Павелдің Қасым-Жомарт Тоқаевты Прагаға ресми сапармен келуге шақырғанын жеткізді.