7 баласы бар аналар мемлекеттен бір жылда 2 млн теңге алады. Көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақылардың 5 түрі және әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемнің 2 түрі беріледі. Оған бюджеттен 1,5 трлн теңге бөлінген. Қазір көмекті 2,3 млн астам адам алып үлгерді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,5% жоғары. Жәрдемақы отбасындағы балалар санына қарай беріледі.
Мысалы, 4 баласы бар отбасыларға – 59 мың теңге, 5 перзенті барларға – 73 мың теңге бөлінсе, 6 немесе 7 ұрпақ тәрбиеліп отырған ата-аналарға 88 мың мен 103 мыңның арасында тағайындалады. Енді бұған алтын алқа секілді наградаларды қосыңыз. Сонда 7 баласы бар отбасына ай сайын 163 778 теңге, яғни 1 жылдың ішінде бюджеттен 2 млн теңгеге жуық қаражат түседі.
КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ЖӘРДЕМАҚЫ
Мемлекеттік – 5
Әлеуметтік сақтандыру қоры – 2
Бюджет - 1,5 трлн теңге
Көмекті алды - 2,3 млн адам
2023----10,5% көп------2024
ЖӘРДЕМАҚЫ БАЛА САНЫНА ҚАРАЙ БЕРІЛЕДІ
- 4 бала – 59 183 теңге;
- 5 бала – 73 988 теңге;
- 6 бала – 88 793 теңге;
- 7 бала – 103 598 теңге;
ЕГЕР АНАНЫҢ НАГРАДАСЫ БОЛСА:
7 бала - 163 778 теңге 1 жыл – 2 млн теңге