$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Пікір қалдырудың қандай маңызы бар?

21.10.2024ж. 20:00
166
Пікір қалдырудың қандай маңызы бар?

Жақсы пікір үшін асты-үстіңізге түсуге дайын. Кей қызмет орындарына барсаңыз пікір жазып кетуіңізді сұрайды. Оған қатты мән береді. Сондағы пайда не? Оның тұтынушы мен ұсынушыға маңызы қандай? Айбек Салдатбек айтады. 

САЙБЕК САЛДАТБЕК, ТІЛШІ:

-Шайы суып қалған, тамағы тұрып қалған, сервис тіпті нөл, құрып қалған. Бұл жерге келмеуге кеңес беремін! 1 жұлдыз қоямын!
-Неге өйтесің? Саған ұнамаса да басқаға ұнауы мүмкін, басқаларға жақсы қызмет көрсетуі мүмкін. Жақсы пікір жаза салсаңшы.
-Сын түзелмей, мін түзелмейді. Осыны оқып келесіде қызметтерін жақсартады, сол үшін жазу керек.
-Жарайды, өз ауызың, өз сөзің, өзің біл.

Жылы-жылы сөйлесең жыланның інінен шығатыны секілді мақтауын асырсаңыз қызмет көрсету орындары көңіліңізді қалдырмайды. Жанна Сәлімжан пікір жазсам дүкендер жеңілдік, дәмханалар арнайы тағам түрлерін ұсынады дейді.

ЖАННА СӘЛІМЖАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Кейбір магазиндерде, кейбір кофейня болсын, салондар болсын оларда кейбір кезде скидка жүреді егер де отзыв жазсаң. 10%, 5% скидка жасайтындар бар. Телефон алған едім. Телефон өзі бракпен болған еді. Сол кезде жаман отзыв жазғаным бар. Сол отзывқа қарап ақшамды қайтарып берді, болды, одан кейін олармен араласпағанмын.

Ал барбер Айбол Әбдуәлі жақсы қызметіне жазылған жақсы пікірлердің арқасында шетелге барып келген.

АЙБОЛ ӘБДУӘЛІ, БАРБЕР:

Барберлердің арасында отзыв жағынан, клиентке сервис көрсету мақсатында, сол өзіміздің рейтингті көтеру мақсатында болған. Сол жарыстан ұтып барып қайттық қой. Умраға бардық. Кез келген жерде де отзывты оқиды, отзывпен келеді ғой. Сол үшін біз отзывқа көбірек жұмыс жасаймыз. Клиенттен де бір ауыз сұрай саламыз отзыв жазып бере сал деп.

Пікір - рейтингті көтереді. Сол арқылы клиент көбейіп, табыс артады. Таргетолог маман осылай дейді. Ал статистика бойынша адамдар көбіне ұнаса емес, көңілінен шықпай қалса пікір қалдырады екен.

ӘСЕЛ ЕЛЕМЕСОВА, ТАРГЕТОЛОГ:

Жақсы пікір жазылса, егер де жақсы баға қойылса оларда рейтинг көтеріледі. Неғұрлым рейтинг көп болса оларда адамдар да, клиент те көбейе бастайды. Клиент көбейе бастағанда ол қызығушылық бар деген сөз. Ақша да оларда көбейе бастайды.

Ұнады десеңіз де, ұнамады десеңіз де өз еркіңіз, ешкім ештеңеге қақпақ болмайды. Ең бастысы шын пікір қалдырғаныңыз абзал. Өзіңіз үшін де, өзгелер үшін де сол пайдалы.