$481.68 €522.48 ₽5
×

Орал қаласында 100 қойды қасқыр тамақтап кетті

21.10.2024ж. 20:00
122
Орал қаласында 100 қойды қасқыр тамақтап кетті

Орал қаласында қорадағы қойды белгісіз жыртқыш қырып кетті. Тағылар бір сағаттың ішінде 100 қойды тамақтап тастаған. Қолына таяқ ұстап қалған мал иесі енді кімнен көмек сұрарын білмей қамығып отыр. Есенгелді Айтмұхамбетовтың айтуынша, оқиға түнгі сағат үште болған. Бірақ үйіндегі үш иттің ешқайсысы үріп, дыбыс бермеген. Айтуынша, айналада бұралқы ит көп. 20 жыл бойы өсірген малынан бір сағатта айрылып қалдым, деп қамығады шаруа.

ЕСЕНГЕЛДІ АЙТМҰХАМБЕТОВ, ШАРУА:

Тамақтарын жұлып, өңешін жұлып, бауыздап кеткен. Тапалған. 150 қойдан 50 қойым қалды. Все енді, мынаны соя да алмайсың. Тұқымға қалдырмасақ. Қаңғыбас иттер көп

Ал шенеуніктер қойға қасқыр шапты деп қамсыз отыр. Түз тағысын көзімен көрмесе де, қорадағы ізіне, қойға салған жарақатына қарап, осындай тұжырымға келіпті. Бірақ қаланың ортасындағы қораға қасқырдың қайдан тап болғаны белгісіз. Қамаулы қойды қырып кеткен жыртқыштың адамға да зияны тиюі мүмкін. Осыдан қауіптенген әкімдік шет аумақтағы күзетті күшейтуді полицияға тапсырған. 

НҰРБОЛАТ МҰХИТОВ, ЗАШАҒАН КЕНТТІК ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлығын да кеңірдегінен. Басқа жерінен жарақат алмаған. Тек қана кеңірдектен. Ештемесін жұлмалап, пытырлатып жеген ештемесі жоқ. Тек қана тамақтан алған. Бірінші иттен күдіктеніп едік, онымен иттің кінәсі болмады. Қасқырдың ізіне шейін жатыр айтатын болсақ. Оның ізі иттің ізінен бөлек. Үлкендеу ізі. Ол бір қасқыр ма не екі қасқыр ма, ол белгісіз.