$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Биыл әлеуметтік осал отбасынан шыққан 97 мың оқушы ыстық тамақпен қамтылды

21.10.2024ж. 20:00
269
Биыл әлеуметтік осал отбасынан шыққан 97 мың оқушы ыстық тамақпен қамтылды

Биыл әлеуметтік осал отбасынан шыққан оқушылардың 100 проценті мектептегі ыстық тамақпен қамтылды. Бұл – 97 мың бала. Бастауышта оқитындар үшін де тегін ас қарастырылған. Оған да бюджеттен ақша бөлінген. Толығырақ Аружан Задабектің сюжетінен көріңіз. 

Оқушылардың бір күндік тағамына мемлекеттен бөлініп жатқан қаражат аз емес. Орта есеппен алғанның өзінде 1,5 млнға жуық баланың бір күндік тамағына кемінде 1 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалады. Бастауыш сыныптың оқушыларына бір мезгіл тегін ыстық тамақ беріледі.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Біздің мектеп мынау - 87 мектеп. Жаман ештеңе естіген жоқпыз. Барлығы қанағаттандырады бізді. Өте жақсы. Немерем де риза, бәрі риза.
- Әр мектепте ата-аналардан құрылған комиссия болады. Олар бірігіп, тексеру жүргізеді. Қалай дайындайды, не істейді, бәрін қадағалауға болады.

Қыркүйектен бастап 1,7 миллионнан аса бала тегін тамақпен қамтылды. Оның 1,4 миллионы - бастауыш сынып оқушысы. Ал 340 мыңнан астамы әлеуметтік осал топ санатына жатады.

АЙГҮЛ ЖҰМАҒҰЛОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

2024 жылдың қыркүйегінен бастап әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 97 мың немесе 100% бала мектепке дейінгі ұйымдарда тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

Тегін тамақ тек мектеп оқушылары берілмейді. Қатарға балабақшадағы балдырғандар да қосылған.

ҒАЛИЯ ҚАЙЫРБАЙҚЫЗЫ, №63 БАЛАБАҚШАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Ол жетім балалар, мүгедек балалар, көпбалалы отбасының балалары. Сонымен қатар инклюзивті білім берілетін тәрбиеленушілер тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

Президент әлеуметтік осал отбасылардың балаларын тегін тамақпен қамту туралы осыдан екі жыл бұрын айтқан. «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында барлық бастауыш сыныптағы оқушыларды ыстық аспен қамтамасыз ету туралы айтты. Тапсырма берді, орындалды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Елімізде 6,5 миллион бала бар. Олардың бәріне тұрған жеріне және қай тілде оқитынына қарамастан, іргелі білім, цифрлық технология, жайлы білім инфрақұрылымы тең дәрежеде қол-жетімді болуға тиіс. Әлеуметтік осал топ санатындағы отбасының балалары балабақшада тегін тамақтанады және барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Астананың өзінде биыл балалар асына бөлінетін ақша көбейді. 1-4 сынып оқушыларға бір күндік тағам үшін 800 теңге берілсе, 5-9 сыныптағы балаларға 964 теңге, 10-11 сыныпта оқитын жасөспірімдерге 1090 теңге белгіленген.