Танымал актер Тәуекел Мүсілім Лос-Анджелесте отбасымен бірге гендер пати өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі отбасын алып, АҚШ-қа аттанған еді. Жақсы жаңалықты әйелі Махаббат жариялады.
“Аллаға сансыз шүкірлік болсын! Үш бар жерде күш бар. Біздің үшінші бөпеміз де батыр болады. Алақай!”, – деп жазды блогер келіншек.
Отандық киножұлдыз да құттықтап жатқан жандарға алғыс білдіріп, қызды болғысы келгенін де жасырмады.
“Қыз болмағанша тоқтамаймыз! Әрине, қалжың ғой. Сәл үзілістен кейін тағы ұмтылып көреміз”, – деп әзілдеді актер.
Еске салайық, Тәуекел Мүсілім әскердегі әлімжеттікке қатысты ойын бөлісіп, ұлдарын әскерге жібермейтінін айтқан еді.