$481.68 €522.48 ₽5
×

Мәжіліс депутаты өңіраралық диалог форумына қатысты

AstanaTV
21.10.2024ж. 18:27
111
Мәжіліс депутаты өңіраралық диалог форумына қатысты

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Стамбұлда «Гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге арналғанинвестиция және климаттың өзгеріуіне бағытталған инклюзивті шаралар» тақырыбындағы өңіраралық диалог форумына қатысты.

Мәжіліс депутаты елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әйелдер құқықтарын қорғау және гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған реформалар туралы мәлімет берді. Әсіресе, жақында қабылданған Әйелдер құқығын қорғау және балалардың қауіпсіздігі туралы заңға назар аударып, АЭС салуға қатысты өткен референдумның маңыздылығына тоқталды.  

Жұлдыз Сүлейменова атап өткендей, Қазақстанда энергетика секторында болып жатқан өзгерістердің негізінде университеттерде 208 білім беру бағдарламасы енгізілуде. Оның ішінде «Эко-Энергетика», «Гидроэнергетика» мен «Энергетикалық менеджмент және тұрақты даму» сияқты 52 жаңа әрі инновациялық курстар бар. Бұл бағдарламалар білікті кадрлар қалыптастырумен бірге әйелдердің техникалық және инженерлік салаларда дамуына мүмкіндік береді.

Форум аясында климаттың өзгеруінің экономикаға, экологияға әсері, инклюзивті қоғам және әйелдердің рөлі, сондай-ақ әлеуметтік теңсіздік сынды өзекті мәселелерге әйелдердің қатысуы төңірегінде жан-жақты талқылау болды. Іс-шараға Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, саясаткерлер, азаматтық қоғам өкілдері және сарапшылардан құралған 200-ге жуық адам қатысты.