$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Көкшетауда құтқарушылар қиын жағдайға тап болған екі зейнеткерге көмектесті

AstanaTV
22.10.2024ж. 10:26
264
Көкшетауда құтқарушылар қиын жағдайға тап болған екі зейнеткерге көмектесті

Ақмола облысының орталығында екі бірдей оқыс жағдай орын алды. Екеуінде де зейнет жасындағы адамдар балалары келгенде үйінің есігін ашпаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінің 1958 жылы туған анасы, ал екіншісінің 1950 жылы туған әкесі есік ашпаған. 

Жедел құтқару жасағының қызметкерлері шақырту бойынша оқиға орнына аттанды. Бірінші жағдайда құтқарушылар есікті ашқанда еденде жатқан әйелді көрді, ол бірден жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.