$481.68 €522.48 ₽5
×

Шымкенттен Астанаға жолға шыққан жүкті әйел пойызда босанды

AstanaTV
22.10.2024ж. 11:23
85
Шымкенттен Астанаға жолға шыққан жүкті әйел пойызда босанды

Шымкенттен Астанаға бет алған №86 жолаушылар пойызында 22 қазанға қараған түні сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айы-күні жеткен жүкті әйел Шымкенттен Астанаға жолға шыққан. 22 қазанға қараған түні пойыз кетіп бара жатқан келіншектің толғағы басталған.

«Сағат 23:30-да әйелдің күйеуі пойыз қызметкерлерінен шұғыл көмек сұрады. Пойыз бастығы Гүлшат Қарақұлова мен жолсерік Анар Адамбаева тез арада қажетті шараларды қабылдап, жолаушының аман-есен босануына көмектесті. Осылайша 21 қазан күні сағат 23:55-те қыз бала дүниеге келді», - деп мәлімдеді «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

Сары-Шаған стансасына жеткенде пойыз қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, жас ана мен нәрестені дәрігерлерге тапсырған.

Айта кетері, пойыз бригадаларының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдай кезінде әрекет ету бойынша үнемі арнайы дайындықтан өтеді. Соңғы үш жыл ішінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 14 сәби туған.