$481.68 €522.48 ₽5
×

Теміртауда зейнеткер әйел күйеуін пышақтап өлтірді

AstanaTV
22.10.2024ж. 14:14
93
Теміртауда зейнеткер әйел күйеуін пышақтап өлтірді

Әлеуметтік желіде Теміртауда зейнеткердің күйеуін өлтіргені туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 21 қазан күні болған. Кешкі уақытта зейнеткер әйел күйеуін пышақтап өлтірген.

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Теміртауда 21 қазанда болған кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен жәбірленушінің бірге тұратын 63 жастағы серіктесін ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр», - деді полиция.

Бұл ретте полиция департаменті жәбірленушінің де, күдіктінің де бұрын полиция тіркеуінде болмағанын атап өтті.