$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ресейден Қазақстанға 200 миллион теңгенің темекісін "жасырын" әкелмек болған

AstanaTV
22.10.2024ж. 17:18
193
Ресейден Қазақстанға 200 миллион теңгенің темекісін "жасырын" әкелмек болған

Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасында темекі өнімдерінің ірі партиясын заңсыз әкелудің жолы кесілді.

Бұл туралы 22 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"17 қазанда "Шаған" автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті темекінің ірі партиясын әкетудің жолын кесті."
ҰҚК баспасөз қызметі

336 мың қорап темекі өнімдерін ілеспе құжаттарсыз, құрылыс материалдары түрінде Мемлекеттік шекарадан өткізуге әрекеттенген.

Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 200 млн теңгеден асады.

Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін өңірдегі Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді