Алматылық жастар туды тегін таратуда. "Менің елім - менің туым" акциясысына үлес қосқысы келетіндер "Жастар рухы" Жастар қанатының инстаграм парақшасына хат жазса болды. Акция оңтүстік астанада 19-шы қазанда басталды. Жастар мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын терең ұғады. Әсіресе, ту - олар үшін қасиетті ұғым. «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері биік ғимараттарға көк байрағымыздың көбірек ілінуіне бастамашы болуда. Олар бұл акция мерекенің құндылығын арттыра түседі дейді.
ӘКЕЖАН КЕҢЕСОВ, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біздер осындай мемлекеттік туларды қаламыздың тұрғын үйлерінде биік ғимараттарында әсем ғимараттарында орналастырамыз және де қала халқына осындай мерекелік көңіл күйді сыйлаймыз. Бұл акцияға қала тұрғындары да қатыса алады. Ол үшін жұмыс орындарында сонымен қатар тұрғын үйлерінде мемлекеттік туды іліп қойса жеткілікті.