$484.19 €524.28 ₽5.03
×

«Менің елім - менің туым» акциясы Таразда жалғасын тапты

22.10.2024ж. 20:00
71
«Менің елім - менің туым» акциясы Таразда  жалғасын тапты

«Менің елім - менің туым» акциясы Таразда жалғасын тапты. Шара барысында белсенді жастар қаладағы көрікті жерлерге көк ту іліп шықты. «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері осылайша көк байрақтың тұғырын биік етіп, елдің елге деген сүйіспеншілігін арттырмақ. Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан бұл акция барша азаматтардын рухын көтеріп, мемлекеттік рәміздерге құрметін күшейтпек. 

ШЫНАР ТОҚТАМЫС, БЕЛСЕНДІ:
Қаламыздың биік ғимараттарына өзіміздің туымызды іліп жатырмыз. Себебі Тараз қаласындағы азаматтарымыздың барлық қазақстандық азаматтардың патриоттықтарын ояту үшін, көк туымызды көкке желбіресін деп іліп жатырмыз.