$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Оралдықтар жүздеген үйде көк туды желбіретті

22.10.2024ж. 20:00
61
Оралдықтар жүздеген үйде көк туды желбіретті

Оралда да жүздеген үйде көк ту желбіреді. Жастардың ұсынысын іліп әкеткен тұрғындар өз үйінің балконында байрақ көтеруге рұқсатын беріпті. "Менің елім - менің туым" акциясы қазір еліміздің түкпір-түкпірінде кең ауқымда өткізіліп жатыр. Ұлтты ұйыстырған игі іске әлемдік додаларда топ жарған белгілі спортшылар мен өнер адамдары да белсене атсалысты. Бүгінгі бастамадан Батыс Қазақстан облысының аудандары да қалыс қалмады. Ұлық мереке қарсаңында ауыл тұрғындары да көк туды көкте желбіретті. 

ДӘУРЕН ШАМҰРАТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Көк туымыз желбіреп тұрған кезде біздің рухымыз асқақ, жүрегіміз тыныш. Сол себепті де тудың өзінің тұғыры бар ғой. Әдемі жерлерге ілінуі керек. Мемлекеттік рәмізімізге деген құрмет әр адамның жүрегінде күн сайын жүруі керек. Енді тұрғындар да бұл акцияны жалғастырып, қостап кетсе нұр үстіне нұр болар еді. Жалпы туды көрген адамның патриоттық сезімі артады ғой.