$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті

Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті

Шымкентте 4 айға созылған байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Сайысқа 60 адам қатысты. Жүлдегерлер Республика күніне орай ұйымдастырылған «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумында құрметке ие болды. 

Қалалық байқау биыл мамыр айында басталған. Қатысушылар сол уақыттан бері әлеуметтік желіде мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттады. Олар қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырып, патриоттық сезімді оятатын бейнероликтер әзірледі. Сайыстың мән-маңызына тоқталған қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жеңімпаздарды құттықтады.

СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ертең сіздер Президентіміз айтқан сапалы адам болып, адал еңбек етіп, адал азамат болып тәрбиеленіп шығатын болсаңыздар біздің тәуелсіздігіміз де бекем болмақ, болашағымыз да жарқын болмақ.

Байқау қатысушылары арасында жас шектеуі болмады. Сайысқа оқушыдан бастап мұғалім, мәдениет саласының өкілдері мен журналистер де қатысты. Олардың арасында тың дүние ұсынғандар да бар.

МАДИНА ҚАМБАР, ҚАЛАЛЫҚ №77 А. АСҚАРОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Қазір көбінесе комикстен жасау арқылы оқушыларды сабақтың тақырыбын, мазмұнын оңай түсіндіруге тырысып жүрмін. Осы байқауда да тәуелсіздік жайлы дәл солай «Flipbox» жасадым. Онлайн цифрлық кітапша.

Бұл дода арқылы әлеуметтік желідегі жазбалардың сапасы артқан. Осылайша байқау халықтың ерекше ықыласына бөленді.

БЕЙСЕНГҮЛ НАРЫМБЕТОВА, БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Арнайы хештектер қойдық. Сол хештектер бойынша өтініш түспеген жағдайдың өзінде тауып алуға болады. Тағы бір өте керемет тұсы әлеуметтік желіде контенттің дұрысталуына, сапалы болуына үлесін қосты деп ойлаймын.

Форумда «Үздік пост», «Үздік бейнеролик» және «Үздік іс-шара» аталымының жеңімпаздары марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау республикалық деңгейде өтуі мүмкін.