Астанада үздік әзілкештер бас қосты. Фестивальге еліміздің әр өңірінен келген 13 команда қатысты. Республика күніне орай ұйымдастырылған шараны өткізуге Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мұрындық болды.
Квн ойнап, жұртты күлдіру оңай емес. Бұл сайысқа жиналған командалардың бәрі кіл мықтылар. Әзіл әлемінде ойып алар орны бар. Тіпті, сайыста 20 жылдан бері елдің езуіне күлкі үйіріп келе жатқан Тараз - 2000 квн командасы да өнер көрсетті. Дайындыққа үш күн ғана бөліпті. Бірақ қарсыластарымыз оңай шағылар жаңғақ емес дейді.
АРМАН ЖАНАЛИЕВ, "ТАРАЗ 2000" КВН КОМАНДАСЫНЫН КАПИТАНЫ:
Енді бірінші орын алу үшін әрдайым мықты әзілдерді алып келу керек. Өйткені 10 команда қатысып жатыр бүкіл Қазақстаннан. Енді көп болды мұндай ойын болмағалы. Өзіміздің бұрындағы ойнап жүрген балаларды көріп, достарымызды көріп носталгия болып жатыр.
Ойынның басты мақсаты – жастардың бастамаларына қолдау көрсетіп, достық қарым-қатынасын нығайту. Оларды ізденіске үйретіп, шығармашылығын шыңдау дейді ұйымдастырушылар. Сөздерінше Астанада мұндай ойын бірінші рет өткізіліп жатыр.
ӘЛІШЕР ИСЛАМ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
Жастарымызға бір үлгі болатындай осындай бір бастамамен ұйымдастырылған. Бұл лигада әртүрлі лигалардан негізі ең мықтылары жиналаған чемпиондар. Ол чемпиондардың арасында бүгінгі бірінші фестиваль. Фестивальда орындарға бөлінбей тек мықты ғана ұтады. Бас жүлде 1 млн теңге деп өзіміз шештік.
Бас жүлдеге 1 миллион теңге тігілді. Еліміздің үздік әзіл-сықақ ұжымдары жеңіске жету үшін барын салды. Қазылар алқасының шешімімен Рудный командасы жеңімпаз атанды. Осылайша олар ерекше әзілдермен, импровизациялармен көптің көңіленен шықты.