Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Коммуналдық қызмет үшін қарызданған қызылордалықтар сотқа тартылып жатыр

AstanaTV
27.04.2017ж. 20:00
2318
Коммуналдық қызмет үшін қарызданған қызылордалықтар сотқа тартылып жатыр

Қызылордада басқарушы компания коммуналдық қызмет үшін қарызданған көпқабатты үй тұрғындарын сотқа берді. Берешектің жалпы сомасы 200 млн теңгеден асады. Ал тұрғындар болса, кооператив көп жылдан бері өз қызметін тиісті деңгейде атқармайтынын айтуда. Үйді күтіп ұстауға өзіміз ақша жинаймыз дейді. Осыған орай қаладағы Абай даңғылы 54 үйдің тұрғындары шу көтерді. Мәселенің мәнісін әріптесім Шарипа Сақтапова анықтауға тырысты.

Табан астынан сотқа шақырту алғанына ызаланған тұрғындар "жертөледен бастап шатырға дейін өзіміз жөндетіп келдік, қызметін атқармайтын мекемеге не үшін ақша төлеуіміз керек" дейді.

Марат Ғұбайдуллин, тұрғын:

Отоплениеніді өзіміз жасадық, астындағы подвалды да ақша жинап өзіміз жасадық. Жазда мына жер деген орман болады, орман. Ішінде бомж керек па, сүйек керек па, әйнектын сынығы керек па, балдарға жүру мүмкін емес. Ештене ешқандай жасалып жатқан жоқ. Міне бүгін соттан қағаз келіпті, осындай ақшаны өндіріп аламыз. Он алты мың теңге, үстіне төрт мың қосыпты-жиырма мың теңге төлейсің деп келіпті.

Нұрлан Елжанов, тұрғын:

Біз олардын қызметінен бас тартамыз. Ақша жинауды ғана біледі, жұмыс істегісі жоқ. Подъездге жарықты да өзіміз орнаттық. Барлық жөндеу жұмыстарын жасап жатырмыз. Соңда не үшін ақша төлеуіміз керек? 

«Тұрғын үй Қызылорда» серіктестігінің басшысы жөндеу жұмыстарын жасау тұрғындардың өз шаруасы, көрсетілген қызмет үшін ақшаны бізге төлеуі тиіс, -дегенді кесіп айтты. Оның сөзінше серіктестік қаладағы үш жүздей көпқабатты үйге қызмет көрсетеді. Тұрғындар қарызға белшесінен батқан. Мысалы, Абай даңғылы 54 үйдің тұрғындары 638 мың тенге берешек, енді қарызды сот арқылы өндіреміз дейді.

Нұрлан Өтепов, «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС директоры:

Үш жүз үй бізге күтіп ұстауға қарасты. Сол үйлерден қазіргі уақытта 206 миллион теңге бізге дебиторлық қарызы бар. Қарыздар бойынша біз қазір Қазақстан республикасы Тұрғын үй қатынастар заңы бойынша 35, 50 баптарына сәйкес сотқа арыз-шағым беріп, қазір қарыздарымызды өтеп жатырмыз.

Қысқасы, ПИК-ке төленетін ай сайынғы жарнадан бөлек, тұрғындар неге қосымша қаржы жинауы керек деген сауалға басшы нақты жауап бере алмады. Ал қалтасынан ақша  шығарып, баспананың жөндеу жұмыстарын жүргіздік деп шуласқан тұрғындар да қарап қалмақ емес.Олар да сотқа шағымдануға бел буып отыр. 

Шарипа САҚТАПОВА