$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Маңғыстаулық тұрғын 4 млн теңге алимент қарызын өтеп, жазадан құтылды

AstanaTV
23.10.2024ж. 07:23
48
Маңғыстаулық тұрғын 4 млн теңге алимент қарызын өтеп, жазадан құтылды

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баласына алимент төлеу бойынша міндетті орындамаған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, - KAZINFORM

2018 жылы сотталушыға қатысты 2016 жылы туған қызын асырау үшін ол кәмелеттік жасқа жеткенше барлық табысының төрттен бір бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы сот бұйрығы шығарылып, сотталушыға алимент төлемеген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы ескертілген.

Сотталушы жеке сот орындаушыға өзінің жұмыс таба алмағанын, бірақ бейресми түрде жалдамалы жұмысты орындағанын, сол арқылы табысын жасырғанын хабарлаған.

Сот актісін орындау бойынша жеке сот орындаушы оның банктік шотына тыйым салу және көлік құралдарын басқаруға шектеу қою сияқты мәжбүрлеу шараларын қолданған.

Борышкердің 2016 жылдан 2024 жылдың маусым айына дейінгі алименттік қарызы 4 миллион теңгеден асқан.

Сот қабылдаған шаралардың нәтижесінде сотталушы бұрынғы әйелімен татуласқан және барлық алимент бойынша берешегін өтеген.

Прокурор, жәбірленуші және сотталушының өзі өкініп, соттан татуласуға және алимент бойынша берешекті өтеуге байланысты қылмыстық істі қысқартып, қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 139-бабының санкциясында жаза 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Сотталушының кінәсі оның мойындауымен, жәбірленушінің, жеке сот орындаушының айғақтарымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденген.

Сондықтан сот Қылмыстық Кодекстің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес тараптардың татуласуына және қарызды өтеуге байланысты сот қылмыстық істі қысқартып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баласына алимент төлеу бойынша міндетті орындамаған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

2018 жылы сотталушыға қатысты 2016 жылы туған қызын асырау үшін ол кәмелеттік жасқа жеткенше барлық табысының төрттен бір бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы сот бұйрығы шығарылып, сотталушыға алимент төлемеген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы ескертілген.

KAZINFORM Сотталушы жеке сот орындаушыға өзінің жұмыс таба алмағанын, бірақ бейресми түрде жалдамалы жұмысты орындағанын, сол арқылы табысын жасырғанын хабарлаған.

Сот актісін орындау бойынша жеке сот орындаушы оның банктік шотына тыйым салу және көлік құралдарын басқаруға шектеу қою сияқты мәжбүрлеу шараларын қолданған.

Борышкердің 2016 жылдан 2024 жылдың маусым айына дейінгі алименттік қарызы 4 миллион теңгеден асқан.

Сот қабылдаған шаралардың нәтижесінде сотталушы бұрынғы әйелімен татуласқан және барлық алимент бойынша берешегін өтеген.

Прокурор, жәбірленуші және сотталушының өзі өкініп, соттан татуласуға және алимент бойынша берешекті өтеуге байланысты қылмыстық істі қысқартып, қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 139-бабының санкциясында жаза 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Сотталушының кінәсі оның мойындауымен, жәбірленушінің, жеке сот орындаушының айғақтарымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденген.

Сондықтан сот Қылмыстық Кодекстің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес тараптардың татуласуына және қарызды өтеуге байланысты сот қылмыстық істі қысқартып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.