Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің үшінші турының алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды KAZINFORM.
Бұл турда жанкүйерлер негізінен «Реал Мадрид» (Испания) пен «Боруссия Дортмунд» (Германия) кездесуіне назар аударды. Алғашқы кезеңде германиялық клуб азулы қарсыласының қақпасына екі гол соғып кетті. Соған қарамастан «Реал Мадрид» екінші кеезңде белсенді ойын көрсетті. Нәтижесінде бес гол соғып, қарсыласын 5:2 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша үш ойында алты ұпай жинап, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті.
Ал Италияның «Миланы» Бельгияның «Брюггесін» 3:1 есебімен жеңсе, франциялық «Монако» Сербияның «Црвена Звездасын» 5:1, англиялық «Арсенал» Украинаның «Шахтер Донецк» клубын 1:0, англиялық «Астон Вилла» Италияның «Болоньясын», испаниялық «Жирона» Словакияның «Слован Братислава» клубын 2:0 есебімен жеңіп кетті.
Сондай-ақ Италияның «Ювентусі» Германияның «Штутгартына» 0:1, аустриялық «Штурм» Португалияның «Спортинг Лиссабонына» 0:2 есебімен жеңілсе, ПСЖ (Франция) мен ПСВ (Нидерланд) 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Енді екінші ойын күні, 23 қазанда «Аталанта» (Италия) мен «Селтик» (Шотландия), «Барселона» (Испания) мен «Бавария» (Германия) кездеседі. Аталған екі кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.