Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында 450-ден астам жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушы мен ерікті бар. Азаматтар «Қазақстан еңбек ері», «Отан», «Барыс», «Парасат», «Құрмет», «Ел бірлігі үшін» ордендерімен наградталды. Сонымен қатар, биылдан бастап құрметті атақтар қатарына «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы қосылды. Еңбек династияларын марапаттау биыл жалғасын тапты. Бұл жолы мұғалімдер, өндірісшілер, теміржолшылар әулеттері құрметке бөленді.