Түркістан облысында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде кісі өлтіруге оқталу дерегіне қатысты күдікті жергілікті тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ер адам бұл әрекетін мойындады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Күдікті тұрмыстық жанжал кезінде өзінің бұрынғы жездесіне пышақ сұғып, қашып кеткен. Оны іздеуге Түркістан полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Тергеу мүддесіне орай өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды.