$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Астанада Республика күніне арналған отшашу ұйымдастырылады

AstanaTV
24.10.2024ж. 08:33
56
Астанада Республика күніне арналған отшашу ұйымдастырылады

Астанада республика күніне демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Отшашу 25 қазан күні сағат 21:00-де Триатлон саябағында өтеді, деп хабарлайды Astana TV.

Осы айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, соның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және басқа да көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын алаптардың аумақтарында, білім беру ұйымдарында және т.б. орындарда өтеді.