$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Түркістанда кісі өлтіруге оқталған күдікті ұсталды

AstanaTV
24.10.2024ж. 11:29
96
Түркістанда кісі өлтіруге оқталған күдікті ұсталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, кісі өлтіруге оқталу дерегіне қатысты күдікті жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ер адам бұл әрекетін мойындады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Күдікті тұрмыстық жанжал кезінде өзінің бұрынғы жездесіне пышақ сұғып, қашып кеткен. Оны іздеуге Түркістан полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылды.