$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 35 мың маман жұмыс істейді

24.10.2024ж. 20:00
163
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 35 мың маман жұмыс істейді

Қазан айының соңғы жексенбісі - әлеуметтік қызметкерлер күні. Көмекке мұқтаж азаматтарға әрқашан қамқор болып жүретін, жүрегі кең мамандық иелерінің қоғамдағы еңбегі ерекше. Үй күтіміндегі жандарға, әлеуметтік орталықтарда қызмет ететін әлеуметтік мамандар тұрмыстық, психологиялық көмектен бастап, сегіз түрлі қызмет көрсетеді. 

Айнұр Көшекова -Ақтөбедегі қарттар үйінде әлеуметтік қызметкер. Мұнда келгеніне 13 жыл болған. Айнұрдың әр таңы осы мекемедегі қарттардың әрқайсысының бөлмесін аралап, олардың қал-жағдайын білуден басталады. Жүрегі жұмсақ, адамгершілігі мол, кішіпейіл Айнұр қарттардың әрқайсысының көңілін тауып, жақындарындай болып кеткен.

АЙНҰР КӨШЕКОВА, №1 ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Жақсы жұмысымды жақсы көремін. Күнделікті ата-әжелерден бастаймыз обходты.Күнде барып жағдай білеміз. Денсаулығын қадағалаймыз. Үй-тіршіліктеріне, керек жарақтары бар ма, дүкеннен дәріханадан деген сияқты күнде қол көмектерімізді беріп отырамыз. Әрқашан батасын беріп отырады, ақылын айтып отырады.

Бұл мекемеде қазір 229 қария бар. 86-сының мүмкіндігі шектеулі. Оларға бес әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. Тұрмыстық қажеттіліктен бастап, психологиялық, педагогтық, құқықтық, медициналық көмек беріп, қолғабыс етеді.

МӘРИЯ НҰРЕКЕШОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:

Мына балдар шамасы келгенше бізге қарап жатыр. Бұларға рахмет. Жағдайымызды жасап жатыр. Уақтылы тамағын береді. Режиммен тұрамыз,жатамыз. Спорт залға барамыз, рукоделиемен айналысамыз. Сөйтіп жүрген жайымыз ар. Мына балдар бізге жақсы қарап жатыр.

Ал Балкенже Бақтығалиқызы қарттардың тамағын әзірлейді. 20 жыл ішінде қариялардың талғамын жақсы біліп алған. Түнгі төртте басталған жұмысы қара кешке дейін жалғасады.

БАЛКЕНЖЕ ҰЗЫҚОВА, БАС АСПАЗ:

Біздерде традиция жұма күні міндетті түрде бешбармақ. Қазақша бешбармақ асамыз. Міндетті түрде бірінші жеті нан жасаймыз. 220 адам ба, соларға бөлек бөлек лепешка пісіреміз. Жеті нан.

Еліміздің әлеуметтік қорғау саласында 35 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Ал облыста 340 тан астам әлеуметтік қызметкер бар. Көмекке мұқтаж жандарға қызмет көрсетіп, жүрек жылуын аямайтын бұл мамандар әрдайым алғысқа лайық.