$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Алкоголиктер анонимді кездесіп, ауруынан айығады

24.10.2024ж. 20:00
74
Алкоголиктер анонимді кездесіп, ауруынан айығады

Ішімдікке тәуелді болғандар анонимді кездесу өткізіп, ауруынан айығады. Елімізде 12 жылдан бері осындай жасырын топтар жұмыс істейді. Оларды қаржыландырып отырған да ешкім жоқ, өздері жиналып, алкогольге деген тәуелділіктен арылады. Ортадағылармен тілшіміз Айбек Салдатбек тілдесті. 

Альфияның алкогольге тәуелді болғанына 20 жылға жуықтаған. Қазір жасы 40-та. Бойжеткен күнінде басталған әдетінен анонимді ортаға қосылу арқылы соңғы 1 жылда тыйылыпты.

АЛЬФИЯ, ДОСТАСТЫҚ МҮШЕСІ:

Сауығып жүргеніме 1 жыл болды. Мен бұрын ойлайтынмын ғой тұрмысқа шықсам, балаларым болса, жолдасым болса, бала-шағам болса мен мүлдем ешқашан ішпейм, тоқтаймын осымен деп. Бірақ тұрмысқа шықтым, Құдай бала бергенімен жаңағы болмай қалды да, мен соған одан сайын қатты ашуланып ренжіп, ішіп кете бергенмін ғой тоқтай алмастан.

Анонимді алкоголиктер достастығы халықаралық деңгейде бір ғасыр бұрын, ал Қазақстанда 2012 жылы құрылған. Бүгінде елдегі 15 қалада жалпы саны 29 топ бар. Қатарына қосылғандарды алкогольге деген тәуелділіктен арылту үшін 12 қадамдық бағдарлама жасалған.

ШЫНАР, ДОСТАСТЫҚ МҮШЕСІ:

Осы 3 жыл, 4 жыл төңірегінде жақсы дамып жатыр анонимді алкоголиктер достастығы. 500-дей адам сауығып жатыр осы жерде. Ал одан артық сауығып кеткендердің өзі бір сол 500-ге тартарлық болады. Бір жиналғанда ең кемі бір 6-9 адам жиналады бір топқа, 40 адамға дейін барады.

Осындай орталар тәуелділіктің кез келген түрінен құтылуға көмектеседі. Ал адам онда барар алдында өзінің кемшілігін мойындауы керек. Психологтар осылай дейді.

ЛИМАНА ҚОЙШИЕВА, ПСИХОЛОГ:

Жұбайын да, өзінің балаларын да соған дайындайды бұл клубта. Емделудің, айығудың бірінші сатысы, ол - мойындау. Көпшілігінде айтады мен ойынқұмар емеспін, мен маскүнем емеспін, мен нашақор емеспін дейді. Бұл емделуге қарсы өзінің миындағы программасы қарсыласады.

Тәуелділіктен арылып, аурудан айығамын десеңіз анонимді топтар ақы сұрамастан қабылдайды. Ең бастысы не айтсаңыз да жасырын қалады.