$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Астанада Республика күніне орай автошеру өтті

24.10.2024ж. 20:00
89
Астанада Республика күніне орай автошеру өтті

Астанада Республика күніне орай автошеру өтті. Оған 30 жуық жеңіл көлік қатысты. Олар көк туымызды желбіретіп, қала көшелерімен жүріп өтті. Шеру 30 шақырымды құрады. Бұл бастама еліміздің өзге қалаларында да өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – тұрғындардың патриоттық рухын көтеріп, Мемлекеттік рәміздерді насихаттау. 

АҚҰЛАН ТАСТЕМІР, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Қаланың көрікті көшелері бар. Оң жағалау, сол жағалау барлығында қала халқы көп жиналатын жерлерден көп адамдар көретін жердің арнайы сызбасын дайындап ішкі істер органдарының қызметкерлерінің көмегімен бүгін барлығы қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жүріп өтетін боламыз.