$498.34 €519.72 ₽4.85
×

LRT құрылысы келер жылы аяқталады

24.10.2024ж. 20:00
156
LRT құрылысы келер жылы аяқталады

Астанада LRT құрылысы келер жылы аяқталады. Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс барысын тексерді. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек нысанның дайындық деңгейі және мегаполистің көлік жүйесін одан әрі дамыту келешегі туралы баяндады. Бүгінде LRT эстакадасының арқалықтарын төсеу кезеңі аяқталды. Cтансалардың негізгі темірбетон конструкциялары құрылысын биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарда бар. Жеңіл рельсті желінің жалпы ұзындығы - 22,4 шақырым. LRT құрамына 18 станса кіреді. 652 адам сыятын 19 жылжымалы құрамды іске қосу көзделіп отыр.