$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркиядағы лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ

24.10.2024ж. 20:00
390
Түркиядағы лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ

Кеше Түркияның Анкара қаласында әскери ұшақтар мен ғарыш техникасын шығаратын TUSAŞ корпорациясы ғимаратының жанында теракт болды. Қайғылы оқиғадан соң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Ресми ақпарат бойынша, теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алған. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында біздің қазақстандықтар жоқ деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.