$498.34 €519.72 ₽4.85
×

4-5 млн тонна коммуналдық қалдықтың 24%-і ғана қайта өңделеді

24.10.2024ж. 20:00
166
4-5 млн тонна коммуналдық қалдықтың  24%-і ғана қайта өңделеді

Қазақстанда пайда болатын коммуналдық қалдықтың төрттен бір бөлігі ғана қайта өңделеді. Сенатор Ернұр Әйткенов депутаттық сауалында осы саладағы проблеманы айтты. Депутаттың пікірінше, қалдықтарды тиімді өңдеудегі негізгі кедергілердің бірі – қайталама шикізатты жинау мен өңдеуге салық жүктемесінің жоғарылығы. Осыған байланысты Ернұр Әйткенов Үкімет басшысына қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару мәселесінде бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу үшін барлық мүдделі тараптарды тарта отырып, жұмыс комиссиясын құруды ұсынды. 

ЕРНҰР ӘЙТКЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Салық кодексінде осы салаға салық жүктемесі жоғары белгіленген, бұл жалпы қайталама шикізатты жинаудың қымбаттауына әкеледі. Мысалы, 10 кг макулатура тапсыру үшін қабылдау пунктіне жеке куәлік әкелу, сатып алу актісін толтыру керек және ақша төлеген кезде жеке табыс салығының 10%-ы ұсталады. Бұл фактілер қайталама шикізат жинаушылардың наразылығын туғызып қана қоймай, күш-қуатты ұлғайтуда шикізат тапшылығын туындатады.