$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Алматыда «IQ-Ala Jastary» интеллектуалдық турнирінің гранд-финалы өтті

24.10.2024ж. 20:00
62
Алматыда «IQ-Ala Jastary» интеллектуалдық турнирінің гранд-финалы өтті

Алматыда республика күніне арналған «IQ-Ala Jastary» интеллектуалдық турнирінің гранд-финалы өтті. Қатысушылар білім жағынан ғана емес, тапқырлығы мен ұжымдық жұмыстары арасында бақ сынады. Турнирдің финалында 4 іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 12 үздік команда өзара сайысты. Финалистер 1 млн теңге көлеміндегі жүлде қоры үшін жарысып, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Финалдық кезең ерекше тартысқа толы болды, қатысушылардың жоғары деңгейдегі дайындықтары байқалды. 

ӘКЕЖАН КЕҢЕСОВ, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл интелектуалдық сайыстың тағы бір ерекшелігі республика күніне орай ұйымдастырылғандықтан тәуелсіз Қазақстанның тарихына байланысты көптеген сұрақтар қойылған болатын және де жастарымыз осы сұрақтарға жауап беру арқылы өздерінің осындай зияткер жастардың ортасында екендігін тағы бір дәлелдеді деп ойлаймын