$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркия әуежайларында лаңкестік қаупінің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды

AstanaTV
25.10.2024ж. 10:35
172
Түркия әуежайларында лаңкестік қаупінің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды

Түркия әуежайлары терроризм қаупінің артуына байланысты «қызғылт сары» қауіп деңгейіне өтті. Мұндай шешім елде болуы мүмкін лаңкестік әрекеттер туралы ақпаратқа жауап ретінде қабылданды. Билік азаматтар мен туристерді аса қырағы болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жағдайға ерекше назар аударуды қажет ететінін және әуежайларда қауіпсіздік шараларының күшейтілгенін білдіреді. Жолаушылардан қосымша қауіпсіздік тексерулерден өту үшін әуежайларға ертерек келу керектігі ескертілді. Мамандар сақтық шараларының күшеюіне байланысты рейстердің кешігуі мүмкін екені айтылды.  

Танымал туристік аймақ Түркия бұдан бұрын да көптеген лаңкестік қауіптерді бастан кешірді. Ел билігі азаматтар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, соның ішінде халықаралық қауіпсіздік қызметтерімен бірлесіп жұмыс істеу арқылы барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. 

Абырой болғанда, нақты қауіп расталған жоқ, бірақ билік адамдарды сақ болуға және кез келген күдікті әрекет туралы хабарлауға шақырады.

Жағдай уәкілетті органдардың бақылауында. Ел билігі қауіп деңгейіндегі кез келген өзгерістер туралы халықты хабардар етуге уәде берді.