$485.11 €523.82 ₽5.02
×

«Дубай емес, Қазақстан шоколады!» – Желіде жаңа тренд пайда болды

AstanaTV
25.10.2024ж. 23:00
18
«Дубай емес, Қазақстан шоколады!» – Желіде жаңа тренд пайда болды

Белгілі жекпе-жек жаттықтырушысы Бекзат Жәлел әлеуметтік желіде жаңа тренд бастады.

Бейнероликте жаттығу аяқталған соң, Бекзат ынталандыру ретінде шәкірттеріне отандық өндірістің шоколадын таратады және «Дубай емес, өзіміздің Қазақстан шоколады» деп айтады.

Спортшының «Дубай емес, Қазақстан шоколады!» трендін басқа да блогерлер қолдап әкетті.

Б.Жәлел өз оқушыларымен жұмыс істеудегі ерекше тәсілдерімен бұрыннан танымал. Ол - шәкірттеріне тек физикалық дағдыларды емес, патриотизм мен отанды сүюді үйрететін нағыз тәлімгер.

Тренерлік жұмысы мен вирусқа айналған бейнероликтер жасаудан бөлек, Бекзат Жәлелдің спорт саласында да мол тәжірибесі бар. Ол кикбоксингтен жүлдегер, Таэквон-до ITF бойынша бірнеше мәрте чемпион және Джит Кун-До чемпионаттарын үш рет жеңіп алған спортшы.

«Дубай емес, Қазақстан шоколады» трендін танымал тележүргізушілер, блогерлер, актерлер және елдің басқа да азаматтары қолдап жатыр. Қазірдің өзінде #недубайскийА_Казахстанский #RepublicDay хэштегімен жүздеген бейнероликтер көруге болады.