Астананың Байқоңыр ауданында Әнуар Әлімжанов көшесіндегі техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты. 20 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, техникалық қызмет көрсету станциясының бояу цехында өрт шығып, жоғарғы қабаттардан 30-ға жуық адам өз бетінше эвакуацияланды.
Өрт болған жерде тұрғындар үшін жылыту пункті ұйымдастырылды.
Өрт салдарынан бір жеңіл автокөлік жойылып, тоғыз автокөлік жылу әсерінен зақымданған.
Өрттің себебі анықталып жатыр.