$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Астанада өртеніп жатқан пәтер ішіндегі баланы көршілері құтқарып қалды

AstanaTV
25.10.2024ж. 23:41
98
Астанада өртеніп жатқан пәтер ішіндегі баланы көршілері құтқарып қалды

Астанада жанып жатқан пәтер ішінде қалған баланы көршілері құтқарып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 112 пультіне Байқоңыр ауданында Кравцов көшесінің бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында пәтер жанып жатқаны, пәтердің ішінде бала бар екені туралы хабарлама келіп түскен.

"Шақыру орнына келген құтқарушылар ТЖМ қызметкерлері келгенге дейін көршілері пәтердің кіреберіс есігін ашып 2018 жылы туған баланы құтқарып алғанын анықтады. Өрт сөндірушілер 1 шаршы метр алаңда матрас пен линолеумнің жануын жедел түрде сөндірді", - делінген хабарламада.

Бала зардап шеккен жоқ. Өрттің алдын ала себебі – балалардың отпен ойнауы.

Белгілі болғандай, баланың анасы дүкенге шығып кеткен.

ТЖМ еске салады:

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

Балаларға отпен ойнаудың қауіптілігі туралы айтыңыз;

Сіріңкелер мен оттықтарды қол жетпейтін жерге қойыңыз.