$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақмола облысында 7,5 тонна шөп өртке оранды

AstanaTV
26.10.2024ж. 11:31
175
Ақмола облысында 7,5 тонна шөп өртке оранды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, Тоқтамыс ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында 7,5 тонна шөп өртеніп кеткен, деп хабарлайды Astana TV.

Өрт сөндірушілер шөпті бөлшектеп, оған дұрыстап су төгіп, өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, – деп атап өтті ведомстводан.

ТЖД шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.