$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы облысында бесінші қабатта өрт шығып, 67 жастағы әйел аурухана жатқызылды

AstanaTV
26.10.2024ж. 13:21
180
Алматы облысында бесінші қабатта өрт шығып, 67 жастағы әйел аурухана жатқызылды

26 қазанда Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелен қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. Ал қалған 15 тұрғын өздігінен далаға шыққан.

Құтқарушылар өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол бермей, 70 шаршы метр алған жалынды сөндірді.

"Өрт салдарынан 1957 жылы туған әйел адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", – делінген министрлік хабарламасында.