$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Өңірлерде Республика күнінде жаңа білім беру нысандары ашылды

AstanaTV
26.10.2024ж. 16:01
80
Өңірлерде Республика күнінде жаңа білім беру нысандары ашылды

Қостанай, Түркістан, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында бірқатар білім беру нысандары пайдалануға берілді, деп хабарлайды baq.kz.

Қостанай облысының Әулиекөл, Мичурино ауылдарында және Рудный қаласында үш балабақша ашылды. Бұл нысандарда балалардың үйлесімді дамуы үшін барлық жағдай жасалған: ойын және жатын бөлмелері, музыка, спорт залдары, медициналық, сондай-ақ қосымша сабақтарға арналған кабинеттер қарастырылған. Енді 600-ге жуық мектеп жасына дейінгі балалар заманауи және жайлы балабақшаларға барады.

Түркістан облысында бірден екі жаңа мектеп ашылды, оның бірі 2 мың оқушыға арналған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған және 600 орындық №35 мектеп. Қазір Түркістанда тағы төрт мектептің құрылысы жүруде.

Ақмола облысында 280 орындық балабақша ашылды. Ал Ақтөбе облысының орталығында және Мұғалжар, Ырғыз, Қобда аудандарында мереке қарсаңында тағы бес білім беру ұйымы ашылды.

Сондай-ақ Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 1200 және 2000 оқушыға арналған 2 мектеп өз есігін айқара ашты. Олар жаңа модификация кабинеттерімен, STEM-зертханалармен, коворкинг, демалыс аймақтарымен, ойын және спорт алаңдарымен, асхана, кітапхана және хореографиялық залмен жабдықталған.

Одан басқа Алматы қаласында 800 орындық №138 мектептің күрделі жөндеуі аяқталды. Ал Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында тағы бір білім беру нысаны ашылды.

Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылының басынан бері барлығы 500-ге жуық білім беру ұйымы ашылды.