$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді аман алып қалды

AstanaTV
26.10.2024ж. 19:23
265
Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді аман алып қалды

Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйел мен оның сәбиін аман алып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қатерлі жағдайда болған әйел қаладағы №2 аурухананың перзентхана бөліміне шұғыл жеткізілген.

«Жүкті әйел ауруханаға қатты қан кетумен және үшінші дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында түсті. Операция үстелінде оның жүрегі тоқтап қалды, бірақ анестезиологтер, акушер-гинекологтер, операциялық медбикелер және трансфузиологтерден тұратын дәрігерлер тобының үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында оны аман алып қалды. Қан кетуді тоқтату үшін операция жасалды, нәтижесінде науқастың өміріне төнген қауіп жойылды», – делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен сәбиінің жағдайы тұрақты және олар жақында үйіне шығарылады.