$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Орал мен Ақтауда жүргізушілер сұйытылған газ үшін ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр

AstanaTV
28.10.2024ж. 00:16
40
Орал мен Ақтауда жүргізушілер сұйытылған газ үшін ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр

БҚО-да жанармай құю станцияларында сұйытылған газ үшін ұзын-сонар кезек қалыптасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Egov.press Telegram-арнасы сұйытылған газ үшін сағаттап кезек күтіп жүрген оралдық жүргізушілердің бейнежазбасын жариялады.

Дәл осындай жағдай Ақтау қаласында да орын алған.

Lada.kz басылымы Ақтаудағы жанармай құю бекеттерінде де сұйытылған газдың тапшы екенін жазды. Жергілікті көлік жүргізушілерінің айтуынша, көгілдір отынға қатысты мәселе осы аптада басталған. Кейбір жанармай құю бекеттері мүлдем жұмыс істемейді. Ал газ бар жерде ұзын-сонар кезек қалыптасқан.