$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Шок болып отырмын": Сиви Махмуди бұрынғы күйеуінің іздестірілуіне байланысты пікір білдірді

AstanaTV
28.10.2024ж. 11:00
227
"Шок болып отырмын": Сиви Махмуди бұрынғы күйеуінің іздестірілуіне байланысты пікір білдірді

Танымал әнші Сиви Махмуди бұрынғы жолдасы Аңсар Қажымұқанұлына қатысты алғаш рет ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті өнер иесінің экс-күйеуіне іздеу жариялаған еді.

“Соңғы жаңалықтар қалай болып жатыр? Өзім де шок болып отырмын. Бұрынғы күйеуім екеуміз ресми түрде 2017 жылы ажырасып кеткенбіз. Бірақ 2020 жылы нақты нүкте қойып, мәңгіге екі жаққа кеттік. Содан бері бір рет те хабарласып, көріскен емеспіз. Қазір барлық жаңалықтарда менің атым аталып жатыр. Өкінішке орай, ол біз ешкім емес болып тұрғаны ғой. Барлық жерде Сивидің бұрынғы жолдасы деп шулап жатыр. Менің атымды қолданбауға боламай ма?!”, – деп ренішін білдірді әнші.

"Дубайдан көлік алып береміз": Бір топ адам Сиви Махмуди мен оның көмекшілеріне алданып қалған

"Ұлым тұрмысқа шық деді": Сиви Махмуди күйеуімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

Жаңалықты ести сала, Stan.kz тілшісі мән-жайды білмек болып, өнер иесіне хабарласты. Алайда тұтқаны әншінің директоры алып, түсіндіріп берген еді.

“Ол кісі де жаңалықтардан естіді. Бірақ екеуі бес жылдан бері бірге тұрмайды. Ол адамның не істеп жүргенінде шаруасы жоқ. Бұрынғы өмірі”, – деп қысқа қайырды арт-директор.