$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Астанада үш адам лифт ішінде қалып қойған

AstanaTV
28.10.2024ж. 11:20
62
Астанада үш адам лифт ішінде қалып қойған

Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған адамдарды құтқарды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сарыарқа ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінде 3 ересек адам лифт ішінде тұрып қалған.

Лифтке жауапты қызметке жүгініп, күтіп тұрған кезде іштегі әйелге ауа тар болып, өзін жайсыз сезіне бастаған соң, 112 нөміріне қоңырау шалған. Шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес, - делінген хабарламада.