Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ОСК Сенат депутаттарын сайлау қандай жүйемен өткізілетінін айтып берді

AstanaTV
28.04.2017ж. 20:00
2165
ОСК Сенат депутаттарын сайлау қандай жүйемен өткізілетінін айтып берді

Алдағы сенат депутаттарын сайлау қандай тәртіппен өтеді? Бүгін Орталық сайлау комиссиясы өкілдері осы жайлы ақпарымен бөлісті. Комиссия төрағасы Берік Имашевтің сөзінше, кандиттарды ұсыну 29-шы сәуірде басталып, 28-ші мамырға дейін жалғасады.

Ал, сенат креслосына жайғасуға ниеті барларды тіркеу 7-ші маусымға дейін жалғасады. Конституцияға сай үміткерлердің жоғарғы білімі, 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы керек. 30 жастан асқан Қазақстан азаматы болуы міндетті. Сондай-ақ аймақтағы мәслихат депутаттарының ең аз дегенде 10 пайыз қолдауына ие болуы шарт. Биылғы сайлау жарнасы 366 мың 885 теңгені құраған. Еске сала кетейін, Елбасы сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты, сайлау мерзімін 28 маусымға белгілеген.

Владимир Фоос, ҚР ОСК төрағасының орынбасары:

Сайлауды ұйымдастыру жұмыстарымен, облыстық, сондай-ақ Астана және Алматы қаласының сайлау учаскелері айналысады. ОСК күнтізбелік жоспар бойынша, бүгін қабылдаған жоспарлы жұмыстың дұрыс өтуін жүйелі түрде қадағалайтын болады.  

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ