Келесі жылдан бастап аудан әкімдерін халық сайлайды. Бұндай үрдіс билік пен бұқараның қоян-қолтық жұмыс істеуіне мүмкіндік бермек. Павлодарда әкімдердің форумы ұйымдастырылды. Шараға «AMANAT» партиясы мұрындық болған. Жиынға ауыл, аудан, қалалардың және аймақ әкімі қатысты. Мақсат- әкімдердің жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, өзара тәжірибе алмасу. Форумда ауыл-аймақтардағы өзекті мәселелер де көтерілді.
МӘДИ ОСПАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Келесі жылдан бастап бізде барлық жерлерде аудандар әкімдері тікелей сайланатын болады. «AMANAT» партиясы үшін ауылдық аймақтарды дамыту ол жанағы басты бағыттардың бірі. Біздің «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» және «Қарызсыз қоғам» сияқты жобаларымыз осы бағыттарға арналған.
ШОЛПАН БАЙДИЛДИНА, ҚАРАОБА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:
Бізде ең бір қажет нәрсе барлық ауылдық әкімдерде әкімдікте техника жоқ. Ауылға ең керек нәрсе техника. Бұрындары коммунальный тракторлар болатын. Қазір ондайлар жоқ. Сондықтан осы мәселе жөнінде көмек болса, осы мәселе шешілсе, керемет болар еді, ауылда.