$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Ақтөбеде туыстары екі жарым ай іздеген жанды полицейлер бауырластар зиратына жерлеген

28.10.2024ж. 20:00
329
Ақтөбеде туыстары екі жарым ай іздеген жанды  полицейлер бауырластар зиратына жерлеген

Ақтөбеде жаға ұстатарлық жағдай болды. Тұрғын полицияға өзінің ағасына іздеу салып барып, оның әлде қашан қаза тауып, оны үйсіз күйсіздерге арналған бауырластар зиратына жерленгенін бір-ақ білген. Жоғалған жан жазда суға батып көз жұмған көрінеді, бірақ полиция туыстарына хабар бермеген. Енді жақындары бауырымызды тиісінше арулап жерлей алмадық деп қынжылады. 

Марқұмның қарындасы Жанат Иманғалиева осы жағдайдан кейін әлі өз-өзіңе келе алар емес. Айтуынша, ағасы жалғыз өзі тұрған. Құрылыспен айналысып, үй салатындықтан арасында ақша табу үшін айлап, жұмысқа кететін көрінеді. Көптен хабарласпай, үйге соқпай кеткенін жұмысқа кеткен болар деп ойладық дейді. Алайда, ешқандай хабар болмаған соң, қыркүйек айында полицияға барса, суық хабар естіпті.

ЖАНАТ ИМАНҒАЛИЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ҚАРЫНДАСЫ:

Бір полицейский шықты да, учасковый ма полиция көрсетті суретті. «Осы кісі ма?» деді. Мен айттым осы кісі. Ол давно деді. Мен түсінбей қалдым. Не давно десем. Ол «білесіз ба 26 июньде суға кетіп қалды ғой» дейді. Сол кезде мен өзім шок болдым. Осы уақытқа дейін 2,5 айға шейін неге хабар бермедіңдер. Арасын Жилянканың милициясымен біздің үйдің арасы екі ақ остановка.

Сөйтсе, елу бір жастағы Аман Жақаев маусым айында екі жолдасымен Қарғалы өзеніне барып, сол жерде суға батып қаза тапқан екен. Марқұм бауырластар зиратына тек алтыншы қыркүйекте жерленген. Оған дейін екі жарым ай бойы оның денесі мәйітханада жатыпты. Марқұмның жақындары « арулап, соңғы сапарға шығарып сала алмадық » деп қынжылады.

ЖАНАТ ИМАНҒАЛИЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ҚАРЫНДАСЫ:

Менің күмәнім жылы жауып қойғанына мына делоны. Екі айдан аса үш айға таман біз өзіміз естіп отырмыз. Бізді туыстары ретіңде іздестірген жоқ. Ойға сыймайтын нәрсе. Даладағы мал сияқты көміп тастап, өзіміз моласына барып, братский могилада траншеяға көме салды. Үйден де шығара алмадық, намазын да шығар алған жоқпыз.

Марқұмның жақындары оның кім екенін анықтағаннан кейін полиция неге хабарламағанын түсінбейді. Ал полиция департаментіндегілер бұл іс бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатқандығын жеткізді.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Осы факт бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша шешім қабылданады.

Ал марқұмның жақындары осы іске жауапты тергеуші мен учаскелік полиция инспекторының жауапқа тартылуын талап етуде.