$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте ел дамуына үлес қосқан бір топ азамат республика күніне орай арнайы марапатталды

Шымкентте ел дамуына үлес қосқан бір топ азамат республика күніне орай арнайы марапатталды

Республика күні мерекесіне орай Шымкентте шаһардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. «Азаттықтың ақ таңы» атты мерекелік салтанатты іс-шарада қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құттықтау сөз сөйлеп, «Парасат», «Құрмет», «Ерен еңбегі» мен «Шапағат» ордендерді кеуделеріне тақты.Ұлттық мерекенің маңыздылығына арнайы тоқталды. 

Республика күні —елдік пен бостандықты, мемлекет бірлігі мен патриотизмді дәріптейтін ұлы мереке. Рухымызды қайта жаңғыртып, ұлттық мүддеміз бен тарихи бейнемізді биікке көтеру – біздің ұрпаққа жүктелген асыл борыш.Ұлттық мерекеміздің маңызын жас ұрпаққа жеткізу, патриоттық сезімді күшейтіп, ел бірлігін сақтау – әрбір Қазақстан азаматының қасиетті парызы деді жиналғандарды мерекемен құттықтаған қала әкімі. Бүгінгідей күрделі кезеңде еліміздің өркениет көшінен қалмай, тұрақты даму жолын жалғастыруы үшін халқымыздың бірлігі мен тұрақтылығын сақтау өте маңызды екеніне тоқталды әкім. ШаҺардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері де жақсарып келеді.

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМІ:

Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,6% өсті. Қаланың бюджеті былтырғы жылмен салыстырғанда 122 миллиардқа артып, 779 миллиард теңгеге жетіп отыр. Оның 50% әлеуметтік саланы қолдауға бағытталған. Себебі халық атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін көруі тиіс.

Мерекелік жиынға қатысушылар жергілікті өнерпаздардың патриоттық қойылымдарын тамашалады. Ұлттық ән мен күмбірлеген күй салтанатты іс – шараның шырайын кіргізді. Республика күнінде қалаға еңбегі сіңген азаматтар арнайы құттықталып, құрмет биігінен көрінді. Салтанатты жиында өзінің кәсіби міндеттерін сапалы атқарып, қоғамның ортақ мүддесіне адал қызмет еткен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматтарға «Парасат», «Құрмет», «Ерен еңбегі» және «Шапағат» ордені секілді түрлі мемлекеттік наградалар табысталды.

ШАЛАТАЙ МЫРЗАХМЕТОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Бұл тек қана маған берілген марапат емес ОҚО, ішіндегі Шымкент қаласында өмір сүріп жатқан ардагерлерді ардақтағаны деген сондай сенімім бар. Біздің болашағымыз бізден де жақсы өмір сүрсе деген тілектеміз.

Салтанатты шара аясында конгресс холға жиналған жұрт қолөнер шеберлерінің көрмесін де тамашалады. Мемлекеттік қолдау бағдарламаларының арқасында іс бастаған суретшілер мен мүсіншілердің туындылары таныстырылды.