$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Бекіре» акциясының кезекті аптасы қорытындыланды

AstanaTV
28.04.2017ж. 20:00
3703
«Бекіре» акциясының кезекті аптасы қорытындыланды

Ресей шекарасында ұсталған бекіре толы жүк көлігі қазақстандық шекарашыларға күдік тудырмаған. Сондықтан жан-жақты тексеріс жүргізілмеген. "Бекіре" акциясының кезекті аптасын қорытындылаған атыраулық мамандар осылай деп ақталды.

Мұхтар Қанабеков, 2016 әскери бөлімінің командирі:

Нақты ақпарат болған кезде ғана шекарашылар жасағымен көлікке жан-жақты тексеріс жүргізіледі. Яғни жүк көлігінің ішкі қаптамалары мен құрылымдары бұзылып тексеруден өтеді. Бұған ешқандай негіз болған жоқ. Сондықтан бұл көлік тексеруден соң өткізілді. Балықты тәркілеген кезде Дағыстан Республиксының шекарашылары да қатысты. Яғни көлік жүргізушісі дағыстандық азамат шекарашылардың назарында болған.

Атыраудан шыққан жүк көлігінің қай республикаға тиесілі екені белгісіз күйде қалып тұр. Жүргізушісі - дағыстандық азамат. Айта кетейік, оқиға 21 сәуір күні болған. Атыраудан шыққан «КамАЗ» жүк көлігіне тиелген бағалы балық Ресейдің Астрахань облысындағы "Қараөзек" өткізу бекетінде тоқтатылды. Көліктің тіркемесі балық жасыруға қолайлы болу үшін жұқа тақтайлармен бөліп тасталған.  Ресейлік шекарашылар жүк көлігінен 4 тоннаға жуық мұздатылған бекіре, қызыл балық пен шоқыр тәркіледі.