Үкімет үйі алдындағы Сухэ-Батыр алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды, деп хабарлайды Astana TV.
Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.